Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көктал ауылы Мә­дімар көшесінде шешілуі тиіс мәселелер жеткілікті. Осы орайда аталған көше тұр­ғын­дарының атынан Г.Елешова «AMANAT» пар­тия­сы Жамбыл облыстық фи­лиалына өтініш білдірген болатын.
Партия бақылауында болады
931
оқылды

Аталған мәселені Партиялық бақылау комиссиясының өкіл­дері, филиал жанындағы Мем­лекеттік басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мү­шелері және аудан әкімінің жауап­ты орынбасары мен түрлі мекеме басшылары назарға алды. Атап айтқанда, Мәдімар көшесі бойымен өтетін мемлекеттік мен­шіктегі тозығы жеткен жалпы ұзындығы 3 шақырымды құра­й­тын «Көктал-2» су арығынан Мәдімар көшесі бойындағы 5 тұрғын үйге қауіп төніп тұрмаға­нын алдын ала тексеру бойынша топ құрылып, ол зерделеу жұмыс­тарын жүргізді. Кездесуге шаруа қожалық басшылары мен Мәдімар көшесі тұрғындары да қатысты. 

Аудан әкімінің орынбасары Т.Жамалов аталған «Көктал-2» су каналымен ауылға қарасты 200 гектарға жуық егіс алқабына су баратынын және де канал суын тоқтату мүмкін емес екені туралы айтып өтті. «Көктал-2» каналы 2022 жылы әкімдік теңгеріміне өткен, 2023 жылы жалпы аудан бойынша 16 каналға жобалық-смета­лық құжаттары рәсімдел­ген­нен кейін 2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстары рет-ретімен басталмақ. 

Комиссия және кеңес мү­ше­лері тұрғын үйлердің қауіп­сіздігі үшін 2024 жылды күтпей, каналға жөн­деу жұмыстарын жүргізгенге де­йін оның ернеуіне 270 метр ұзын­­­дықта арнайы құ­рылыс цел­ло­фа­нын төсеп, құм қаптармен қор­ған жасауды ұсынды. Аталған мә­селе толық ше­шімін тапқанға дейін партия­ның бақылауында болады.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ