Одан бөлек, ағаштар құлап, көліктерге зақым келген. Коммуникация желілері үзіліп, аялдама павильондары да бұзылыпты. «Таза Өскемен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның мәліметіне сүйенсек, қазір қала бойынша қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Мамандар құлаған ағаштарды алып, аялдамаларды жөндеу үстінде. Қазіргі уақытта Әл-Фараби даңғылындағы желмен ұшып түскен аялдама павильоны бөлшектеліп, алынып тасталды. Осы ретте, тұрғындарға көшеде барынша абай болуға шақырамыз. Жүргізушілер көліктерін ағаштардың қасына қоймаған дұрыс», – делінген ақпаратта.