Күрес түрлері бойынша Азия чемпионатына 24 елден 400 мықты спортшы қатысты. Күрестің әр түрінде 10 медаль жиынтығы ойнатылды. Жоғары бәсекелестікке қарамастан, қарағандылық спортшылар Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына екі алтын және бір қола медаль қосты.
Эльмира Сыздықова мен Ибрагим Магомадов чемпион атанды. Алмат Кебіспаев үшінші орын үшін күресте жеңіске жетті.
Сонымен қатар грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ибрагим Магомадов «классиктер» арасындағы жарыста Қазақстан командасына жалғыз алтын медаль алып келді. Ол 72 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті. Спортшыны Жармұханбет Өрікбаев жаттықтырады.
– Біз Қазақстанда чемпионат болатынын білгенде қатты қуандық. Көп дайындалдық, өйткені үйде біз нашар өнер көрсете алмаймыз және еліміздің намысын лайықты түрде қорғауымыз керек. Мен жеңіске жеттім. Осындай маңызды және беделді жеңіске ұзақ уақыт қадам басып келдім. Қыркүйек айында өтетін әлем чемпионатына дайындық жоспарлануда, – деп атап өтті Ибрагим Магомадов.
Әйелдер күресі бойынша 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия чемпионаттары мен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері Эльмира Сыздықова өзінің көптен бергі қарсыласы қырғызстандық Айпери Медетқызымен кілемде кездесті. Бұл жолы қарағандылық спортшы 76 келі салмақта үздік атанды.
Эльмираның жаттықтырушысы Владислав Сутормин шәкіртінің жеңісі үлкен еңбекқорлықтың арқасында қол жеткізген жетістік дейді.
– Бүгінде біздің облыста спортты дамыту үшін ең жақсы жағдайлар жасалған. Біз үшін барлық залдар ашық, – дейді Владислав Сутормин. – Биыл екі мәртебелі турнир – әлем чемпионаты және Азия ойындары өтеді. Әлем чемпионатында 2024 жылғы Олимпиада ойындарына алғашқы бес лицензия ойналады.
Әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы Алмат Кебіспаев 67 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.
Ермағанбет Бөлекпаев қарағандылық спортшылардың жеңіске деген жоғары ұмтылысын атап өтті.
– Азия чемпионатында біздің облысты үш спортшы таныстырып, үшеуі де жүлделі орындарға ие болды. Құттықтаймын! Сіздердің арқаларыңызда Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болды, – деді облыс әкімі.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,
Қарағанды облысы