«AMANAT» партиясы Шым­кент қалалық филиа­лының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева қоғамдық қабылдау өткізді. Қалалық мәслихат депутаты келген тұрғындардың ұсыныс-ті­лек­теріне құлақ түрді.
Қоғамдық қабылдау өткізді
1,268
оқылды

Осы күнгі қабылдауға келіп түскен өтініштердің көп бөлігі әлеуметтік қамсыздандыруға қа­тысты болды. Әсіресе, әлеу­меттік көмек, жұмыспен қамту төңіре­гіндегі сұрақтар көп түсті. Арасын­да жол мәселесін көтеріп, тұр­ғын үй-коммуналдық ша­руа­шы­­лығына байланысты мәсе­ле­лер­мен кел­ген азаматтар да бар. 

Онлайн байланыс арқылы қоғам белсендісі Сейдалы Дүй­себайұлының да шағымы тың­далды. Ономастика тұрғысынан байырғы тарихи жер-су атау­лары жаңа көшелер мен орамдар атау­ларын қойғанда ескерілсе деген өтініші қаралып, алдағы уақытта назарға алынатын бол­ды.

Тұрғын үймен қамту және жер телімдерін бөлуге қатысты сұрақ­тар­мен жүгінген тұрғындар да ма­­за­­­лаған сауалдарына жауап ала алды. 

Айта кетейік, қоғамдық қа­был­дау бөлімдеріне өті­нішін ай­­­тып, көмек сұрап ке­летін­дер­дің са­ны артуда. Былтыр пар­­тияға 10 мың­ға жуық адам әртүрлі жағдай­мен келсе, жыл басынан бері аза­мат­­тар тара­пынан 887 өтініш түскен.