Арменияда коронавирусты жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді
Арменияда коронавирусты жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді
© Сурет ғаламтордан
5,261
оқылды
Facebook-те өз парақшасында ел премьері Никол Пашинян коронавирусты жұқтырудың алғашқы оқиғасы Арменияда тіркелді, – деп хабарлайды РИА Новости. "Екі сағат бұрын бізде аурудың расталған жағдайы болды.  Науқас-28 ақпан күні Ираннан әйелімен бірге ұшып келген 29 жасар азамат",-деп жазды премьер-министр. Оның айтуынша, науқастың жағдайы тұрақты. Азамат дәрігерге жүгіну кезінде қызуы жоғары болған. Бірақ қазір қызуы түсті және оның жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлады Пашинян. Оның жұбайының коронавирусқа тест нәтижесі теріс болды. "Үкімет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген ережелерге сәйкес қажетті шаралар қабылдайды", - деп уәде берді ол. Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДҰ) Ухань қаласында елдің орталық бөлігінде (Хубэй провинциясы) белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді - COVID-19.