Болашақ педагогтерді даярлауда мемлекеттік жоғары оқу орын­дары­мен қатар, жекеменшік университеттер де оқу үдерісін заман ағы­мына сай жетілдіріп, бәсекеге қабілеттілік танытып келеді.
Оқыту ісін оңтайландыруды ойласты
1,001
оқылды

Қоғам қайраткері, біртуар тұлға Жұ­ма­бек Тәшеновтің есімін иеленген Tashenev University-ді де осы қатарға жат­­қызуға болады. Оқу орнында жуыр­­да Педагогикалық зерттеу инс­титу­ты құрылды. 

Кез келген ғылымның даму же­­­­­тістігі оның әдіснамасы мен теориясының деңгейімен анық­та­лады. Сонымен қатар практиканың да алар үлесі қомақты. Осынау үш мә­селе біріккенде ғана осы саладағы мә­селенің түйінін тарқатудың нақты, жүйе­лі шешімі табылады. Алайда біз­де негізінен әдіснама мен теорияны ға­н­а алғы шепке шығарып, практика та­­сада қалып жатады. Шындап кел­ген­­де мәселенің нақты шешімі прак­ти­ка кезінде тереңінен көрінеді. Уни­­верситетте құрылып отырған Пе­­дагогикалық зерттеу инсти­ту­ты­ның да негізгі мақсаты – осы. 

Қоғамда ерекше балалар мәсе­ле­сінің маңыздылығы арта түсті. Үкімет та­­рапынан да бұл мәселеге жіті көңіл бө­­лінген. Институттың алғашқы қа­нат­­қақты отырысы да осы тақырып төңірегінде өрбіді. «Инклюзивті білім беру: мазмұны және практикасы» та­­қырыбында өткен жиынға Шым­кент қаласы мен Түркістан облы­сын­да­ғы осы тақырыпты зерттейтін ға­лым­дар мен практик-мамандар, пе­да­гогтер жиналды. 

Кездесуде алғашқы сөзді алған Tashenev University президенті Серік Оңал­байұлы құрылып отырған Пе­да­го­гикалық зерттеу институтының маңыз­дылығына тоқталды. «Біз педа­гогика саласындағы ғылыми зерт­теу­лерді жетілдіріп, оның одан әрі дам­уы­на атсалысуды көздеп отыр­мыз. Пе­дагогиканың өзінің бірнеше тар­ма­ғы бар. Жас ұрпаққа тәрбие мен бі­лім беруді көздейтін осы саланың ға­лымдары мен мамандары бас қоса­тын жиында таңдалған тақырып тү­бегейлі зерттеліп, оның түйіткілді мә­селелерін көру арқылы нақты ша­ра­лар қолданатын боламыз. Білік­ті­лікті арттыру институттары бар, бір­ақ педагогика ғылымын зерттей­тін­дер жоқтың қасы. Бұл саланы маңызды екенін бәріміз де білеміз, бірақ оны шешуге келгенде нақты жүйе байқалмайды. Практиктер мен тео­ретиктер екі бөлек әлем. Біз осынау мә­селелерді шешуге нақты үлес қоса ала­тындардың барлығын бірлесе жұ­мыс істеуге шақырамыз. Бұл өскелең ұрпақ үшін пайдалы орталық болары­на сенім мол», – деп атап өтті ол. 

Жиынға қатысқан «Асыл ба­ла» республикалық қауым­дас­ты­ғының, оңалту орталығы және Шым­кент қаласы Білім басқар­ма­сының көмекші мектеп-интер­на­ты­ның директорлары мен әлеуметтік пе­дагогтер, Tashenev University оқы­тушы-профессорлар құрамы инк­люзивті білім беру туралы ғылыми зерт­теулерді талдап, оқыту барысын са­ра­лап, өздерінің ой-пікірлерін ор­таға салды. 

ОҚМПУ Педагогика кафедра­сы­ның меңгерушісі, PhD Алия Орал­бе­­кова өзінің баяндамасында инклю­зив­­ті білім бе ру жа ғда йында  ба­­­­ ­­­л­а ­ла рды ме кте пке  бе йімде у, оқу ма­ ­те ­риа л­да рына  сәйке с компью­те р­­лік білім бе ру ба ғда рла ма ла рын қол­да ну, ол үшін тиімді мультимедиялық құ­ралдарды ұсынуға болатыны жө­нін­де атап өтті. 

Баяндамадан соң осы сала бойын­ша балалармен жұмыс істеп жүрген мамандар, зерттеушілер сөз алып, инклюзивті білім берудің мә­селелерін, қиындықтарын инно­ва­циялық әзірлемелерді сөз етті. Бір-бірімен қызу пікір алмасты. Әсі­ресе, практик мамандар зерт­теу­ші­лер­ге инклюзивті білім беруді тереңі­рек тану үшін балалармен 2-3 күн жұ­мыс істеп көру керек екенін ұсын­ды. Сонда ғана баланың неге мұқтаж еке­ні, нені тереңірек қолға алу қа­жет­тігі білінеді. Одан бөлек, қа­тысу­шы­лар­ға психологиялық-педагогикалық қол­дау көрсету енгізу арқылы инк­лю­зивті білім беру мен тәрбиелеуді да­мытудың оң үрдістерін жеткізді. Заң шығарушы органдар мен биліктің бұл салаға назарын аудару қажеттігі де сөз болды. Қатысушылар құрылып отыр­ған инстиуттың келер ұрпаққа пайдасы мол болатынын айтты. 

Форум қортындысы аясында ре­золюция жасалып, онда бір­қатар ұсыныстар енгізілді. Инк­лю­зивті білім беру бойынша әлеу­мет­тік шаралар өткізу, ерекше қажет­ті­лік­тері бар балалардың ата-аналарын оқыту мақсатында андрагогика мек­тебін құру, тақырып аясында па­нель­дік сессия өткізу, Ташкент мем­ле­кеттік университетімен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу, Tashenev University студенттері мен оқы­ту­шылары үшін инклюзивті білім беру орталықтарында тәжірибе мен бі­ліктілікті арттыру курстарын ұйым­дастыру, инклюзивті білім беруді кеңі­нен насихаттау шаралары қолға алынатын болды. 

Университет ұжымы форум ая­сында аясында барша оқы­ту­шылар мен білім беру орталықта­ры­на, студенттерге, ата-аналарға үн­деу жариялады. Барлық адамдарға де­ген теңдік қатынасты қамтамасыз ету­ді, оқытудың ерекше қажеттілігі бар балалардың қандай да бір дис-

к­риминациясын жоққа шығаруды мақ­сат еткен үндеуде арнайы топтағы ба­лалармен олардың ата-аналарымен бір­лескен іс-шараларды жиі ұйым­дастыру жайы айтылған. 

Сонымен қатар жиын қоры­тын­дысы аясында әлі де жұ­мыс­тар жалғасын тауып келеді. Жуыр­да Business Kids Халықаралық ба­лалар академиясы Қарағанды об­лысындағы балалар үйінің тәрбие­лену­шілерін оңтүстік өлкемізге алып келіп, Шымкент қаласының білім беру ұйымдарының жұмысымен та­ныстырған болатын. Сапар аясында ака­демия жетекшілері мен балалар Тәшенев университетіне келіп, оқу ор­нының тыныс-тіршілігімен, білім беру процесімен және оқу базасымен та­нысты. Делегацияны университет­тің ғылыми және зерттеу жөніндегі проректоры Шолпан Арзымбетова қарсы алып, оқу орнының құрылу та­рихы, білім беру бағдарламалары, оқы­тушы-профессорлар құрамы жө­нінде кең мағлұмат берді. Меймандар оқу орнының педагогикалық әлеуе­тін, материалдық-техникалық база­сын жоғары бағалап, мұнда инклю­зив­ті білім алуға мүмкіндіктері қарас­тырылғанын көрді.

Бұл педагогикалық зерттеу инс­титутының алғашқы оты­рысының нәтижелері. Бұдан кейін аталған институт отырыстарында педагогика ғылымының тармақтары аясында жиындар ұйымдастырылады. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы