Биыл өңіріміздің руханияты үшін айтулы жыл. Алаш ардақтылары Мәшhүр Жүсіп Көпейұлының туғанына – 165 жыл және Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірге келгеніне 130 жыл толып отыр. Осыған орай, «AMANAT» партиясының «Ұрпаққа аманат» партиялық жоба­сының аясында Алаш ардақтыларының есімдері ұлықталды.
Тарихтан тағылым алуға шақырды
1,124
оқылды

Еліміздің көрнекті тарихи тұлғаларының өмір жолы мен шығармаларын С.Торайғыров университетінің профессорлары, филология ғылымдарының док­торы, мәшһүртанушы Айт­мұ­хамет Трушев пен мәдениет­танушы, профессор Салтанат Әубәкірова кеңінен насихаттады.

Қоғамдық дәрісті ашқан «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқару­шы хатшысы Айгүл Мәлікова бабалар шығармаларын жас буынның бойына сіндіру бәріміз­ге артылған міндет екенін атап өтті.

– «AMANAT» партиясы ұлт­тық сананы қалыптастыру үшін ата-бабаларымыздың шығарма­ларын, еңбектерін, тарихын ха­лыққа кеңінен тарату үшін бір­неше жобаларды қолға алды. Жас буын заңғар тұлғалардың өмірлік жолын өздеріне үлгі етіп, олар­дың шығармаларымен таныстыру біздің мақсатамыз, – деді ол өз сөзінде.

Жиналған қауымға дәріс оқы­ған Айтмұхамет Трушев заң­ғар тұлғаларымыздың өмірлік жолы мен Мәшһүр Жүсіптің «Бес қымбатын» сөзге тиек етсе, ал Салтанат Әубәкірова олардың шығармаларына кеңінен тоқ­талды.

– Менің ойымша, біз осы ең­бектердің бәрін өзге тілге ау­да­руы­мыз қажет. Мысалы, Торай­­­ғыровтың «Адасқан өмір» деген поэмасында сәби шағын, екін­ші­сі – жігіт шағын, үшіншісі – ұл­ғай­ған, тоқтаған кезін, төр­тінші­сі – кәрілік кезін, бесіншісі – өл­ген мезгілін суреттелген. Торай­ғыров 27 жасында өмірден өтті. Қазір жас­тар не істеп жүр, қоғамға қан­дай пайдасы бар, өз­деріне қа­лай есеп береді? Осын­дай ойларға осы еңбекті оқу арқылы түсінуге бо­лады деп ойлаймын, – деді ол.

Өз кезегінде А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің әдебиет пәні мұғалімі, жас маман Абдулла Нұрланұлы осындай іс-шаралар жиі өткізілсе деген тілек білдірді.

– Мен өзім Шымкент қала­сынан 2015 жылы Павлодарға оқуға түстім. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлын біздің жастар көп біле бермейді. Мен өзім Павло­дарға келген соң ол кісінің ең­бектерімен таныстым. Жастар­дың қазіргі кезде кітапқа, та­рихқа деген қызығу­шы­лықтары аз. Осындай кездесулер мен таным­дық лекциялар жиі өт­кізілсе дей­міз. Дәрісті ұйым­дастырған пар­тияға алғысымды білдіремін, – деді жас маман.

Жиынға сондай-ақ зиялы қауым, депутаттар, әдебиет және тарих пәндерінің жас мұғалімдері мен осы салаға қатысы бар бо­лашақ мамандар қатысты.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ