Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап­сырмасымен «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанаты 2022 жылы QAISAR әскери-патриот­тық жобасын іске қосқан бо­латын.
Мықтыларды анықтайды
517
оқылды

Дәстүрге айнал­ған ойындар биыл да елі­міздің барлық аумағында өтіп жатыр. 

Еліміз бойынша 17 облыс пен 3 қалада QAISAR ойын­дарының іріктеу кезеңі бас­тал­ды. Әскери-патриоттық ойын­дарға 2000-нан астам жасты қам­титын 250-ден аса команда қатыспақ. Қатысушылар өзде­рін қашықтыққа жүгіруден, а­рнайы әскери жаттықтыру­шылар дайындаған кедергілер­ден тұратын эстафетадан және танымын кеңейту бойынша викторинада сынайтын болады. Аймақтағы жастар өздерінің әскери дайындықтарын, тарихи білімдерін ортаға салады.

Бүгінде іріктеу жарыстары Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан об­лысы, Қостанай, Атырау облыс­тарында өтіп жатыр. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық ұланы академиясының ба­за­сында мектептердің 10-11 сы­нып оқушылары жүгіруден жары­сып (ұлдар – 3000 м, қыздар – 1000 м), ке­дергілі жолақтардан өтіп, сап­тық дайындық дағдыларын көр­сетті және «Менің елім – Қа­зақстан» тақырыбында Әс­кери-тарихи викторинаға қа­тысты. Жобаның мақсаты – патриотизм мен жоғары мораль­дық-психологиялық қасиеттерді тәрбиелеу, сондай-ақ жастар ара­­сында әскери қызметтің бе­делін арттыру. Ойын аясында қа­тысушылар әскери қызметші кәсібімен және әскери қыз­мет­тің қыр-сырымен танысады.

– Бұл іс-шараны біз екінші жыл қатарынан өткізіп келеміз. Биыл оған Петропавл қаласы­ның 14 мектебінен 84 оқушы қа­тысты. Жастар өздерінің фи­зи­калық дайындығын, шыдам­дылығы мен төзімділігін көр­сет­ті. Бұл ойындар оларға салауатты өмір салтын ғана емес, жауап­кер­шілік сезімін де сіңіреді, – деп атап өтті «Жас сарбаз» об­лыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанат Жанғазин.

Жарыс қорытындысы бо­йынша Гран-при Әбу Дос­мұ­хамбетов атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының командасына бұйырды, бірінші орынды жал­пы білім беретін IT-лицейдің командасы иеленді, екінші орын­ды Абай атындағы қазақ мек­теп-гимназиясының коман­да­сы иеленді және үшінші орын­ды Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің командасына берілді. 

Сондай-ақ 22 сәуір күні Қостанай облысында жоғары сы­нып оқушылары Qaisar әс­кери-патриоттық ойын­да­рының жыл сайынғы іріктеу кезеңінде өзде­рінің спорттық дайындық­тарын көрсетіп, мық­тылары іріктелді. Турнир жеңім­паздары болып: Қос­та­най қаласы білім бөлімінің балалар аула клубы, М.Шо­жа­нов атындағы №2 жалпы білім бере­тін мектебі, Дм.Кар­бышев атын­дағы №14 жалпы білім беретін мектебінің оқу­шы­лары танылды.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ