Халықаралық футбол фе­де­рациялары қауымдас­тығы­ның басшысы Джанни Ин­фантино елімізге 3 ма­мыр­да табан тірейді.
FIFA басшысы Қазақстанға келмек
966
оқылды

Оны Қазақстан футбол фе­дерациясының президенті Әділет Барменқұлов арнайы шақырды. Ресми сапар аясында ел аума­ғында FIFA қызметін дамыту бо­йынша халықаралық шаралар­ды ұйымдастыру мәселелері талқыланады. Бұған қоса, Орта­лық Азия футбол қауымдастық­тары арасында ынтымақтастықты арттыру сөз болмақ. 

Джанни Инфантино үшін бұл оның Халықаралық федерация басшысы қызметінде Қазақстанға алғашқы сапары болмақ. 

Айта кетейік, былтыр күзде Барменқұлов пен Инфантино Париж қаласында кездесіп, фут­болды кеңінен насихаттау, дайын­дық жүйесі мен жарыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанда футбол инфра­құрылымын жақсарту тақырып­тарында әңгімелескен еді.

А.ҚАЗАҚ