Балалар үйі тәрбиеленушісінің арманы орындалды
Балалар үйі тәрбиеленушісінің арманы орындалды
254
оқылды
Алғыс айту күні қарсаңында Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі мүмкіндігі шектеулі жанға өз қаржысына баспана сыйлады. Меценат, облыс әкімінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру  бойынша кеңесшісі Бекзат Алтынбеков Нұр-Сұлтан бизнесмендерінен #жақсылықжасапжарысайық челенджін қабылдап, жалғызбасты ана,  І топтағы мүгедек Арайлым Алдамқұловаға пәтер кілтін табыс етті.    width= – Мен бұл эстафетаны Нұр-Сұлтан кәсіпкерлерінен қабылдадым. Бұл челлендж мұқтаждарға пәтер беруді көздейді. Қазақстанда әрбір отбасының өз баспанасы болуы тиіс. Біз, меценаттар мен кәсіпкерлер бұған көмектесуіміз керек. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Мен осы челленджді қуана қабыл алдым. Алғыс айту күні Жезқазған қаласындағы жалғыз басты анаға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстадым. Бұл челленджді Балқаштан келген кәсіпкерлерге жолдаймын, – дейді Бекзат Алтынбеков. – Баспаналы болғаныма қуаныштымын. Көп жыл бойы пәтер жалдап, жалғыз өзім екі баланы тәрбиелеудемін. Алғысым шексіз жомарт жандарға, – деді Арайлым Алдамқұлова. «ККК «Инжиниринг» ЖШС директоры Александр Кик Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Абылайхан Жүсіповке бір бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Ал фермер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Шамиль Осин спортшыға тұрмыстық техника сатып алуға 700 мың теңгелік сертификат табыс етті.   Алғыс айту күні, Жеңіс Қасымбек, Қарағанды ҚХА атынан «Вайнах» облыстық шешен-ингуш ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Увайс Джанаев құттықтап, балалар үйінің тәрбиеленушісі Елизавета Седышеваға қобыз аспабын сыйлады. – Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Біздің Отанымыз – Қазақстан үшін денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен өркендеу тілеймін. «Өз тарихыңды есте сақта және мақтан тұт!» Алғыс айту күнінің негізгі мәні. ХХ ғасырдың ортасында ондаған халық қазақ даласына күштеп жер аударылды. Осы қиын-қыстау заманнан өткендер қазақтарға алғыс айтады. Осы көмектің арқасында біздің ата-бабамыз аман қалды, бүгін өсіп, жаңа ұрпақ тәрбиеленуде. Осындай мереке қарсаңында біз Елизавета Седышеваға ҚХА мүшелерінің атынан сыйлық - қазақтың ұлттық аспабы – қобыз сыйлағымыз келеді. Ол оны көптен бері армандайтынын білеміз, – деді Увайс Джанаев.
– Құрметті жерлестер, көктемде сіздерді осы тамаша мерекемен құттықтағым келеді! Төрт жылдан бері Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен осы тамаша күн мереке ретінде аталып өтіледі. Биыл – қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаевқа 175 жыл, Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне – 75 жыл. Бүгін мұнда біздің ардагерлер қатысып жатыр, біз оларға жеңіс үшін алғыс айтамыз. Сондай-ақ, биыл – Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл. Барлықтарыңызды келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймын, барлығыңызға амандық тілеймін және алғыс білдіремін, – деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «Қазақстан -– достық пен бейбітшілік бесігі» атты  мерекелік шарада.
Шара соңында «Жерұйық» фильмі көрсетілді. Сламбек Тауекелдің фильмі әлемнің барлық эмигранттарына арналған және осы өлкеде болған барлық адамдарға Отан болған қасиетті қазақ жеріне ерекше алғыс болып табылады. Алғыс айту күні аясында Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу басталды. Шақырылған ардагерлерге гүлдер, суреттер және мерекелік себеттер таратты. Ләззат Қожахметова,  Қарағанды облысы