Келесі әлем чемпионатының жеңімпаздары 400 000 доллар алады екен.
Әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін берілетін сыйақы 1 миллион долларға дейін ұлғайтылмақ
1,712
оқылды

Халықаралық бокс қауымдастығы (ХБА) әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін берілетін сыйақыны 1 миллион долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы дүйсенбіде ХБА президенті Умар Кремлев мәлімдеді.

«Келесі әлем чемпионатының жеңімпаздары 400 000 доллар алады. 2025 жылға қарай біздің міндет – әлем чемпионатының жеңімпаздарының сыйақысын миллион долларға жеткізу», – деді Кремлев.

 

Биыл Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары 200 мың доллар алады.