Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz сайты «Қазақпаратқа» сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыстың екінші күні қазақстандық Сағындық Тоғамбай мен Санатәлі Төлтаев шаршы алаңға шығады.
Сағындық Тоғамбай Астана уақытымен сағат 14.00-де басталатын бәсекеде рингке шығады. Ол 86 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда конголық Натан Нланду Мбелимен жұдырықтасады.
Кешке сағат 19.00-де басталатын жарыста Санатәлі Төлтаев 63,5 келіге дейінгі салмақта 1/32 финалда бақ сынайды. Оның қарсыласы – израильдік Ахмад Штиви.
Әлем чемпионатын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
Фото: kfb.kz