Қала тұрғынының бұл өтінішін Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Абзал Ескендірұлы назардан тыс қалдырмады. Депутат қоғамдық қабылдаудан соң өтініш иесінің үйінде болды. Жағдайды өз көзімен көрген А.Ескендірұлы үйге өз есебінен ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде етті.
Көп ұзамай құрылыс жұмыстары басталып кетті. Үйдің шатыры түгелдей ауыстырылып, қабырғалары қайта сыланды. Әп-сәтте жаңа кейіпке енген үйдің иелері көмек көрсеткен «AMANAT» фракциясының мүшесіне ерекше алғыстарын білдірді.
Қалалық мәслихат депутаты Абзал Зейнетаев қоғамдағы көмекке мұқтаж жандарға ұдайы қол ұшын беріп келеді. Ол әріптестерін жақсы істерге мұрындық болуға шақырды.
Айта кетейік, партияның қоғамдық қабылдау бөлімдеріне өтінішін айтып, көмек сұрап келетіндер саны артып келеді. Былтыр партияның қалалық филиалына 10 мыңға жуық адам әртүрлі талап-тілегімен келсе, жыл басынан бері азаматтар тарапынан 1 150 өтініш жасалған. Оларды қалалық мәслихат депутаттары мен сала мамандары қабылдап, мәселелерін тиісті органдарға жолдап, нақты шешім шығаруға атсалысып жатыр.
Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы