Арыстанды қандай мақсатта асырағаны әзірге белгісіз.
Алматы облысында арыстан асыраған жас жігіт ұсталды
7,842
оқылды

Бүгін жедел іздестіру нәтижесінде, ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері 5 айлық екі арыстанды заңсыз ұстаған 2001 жылғы А. есімді азаматтың жасырын әрекетін әшкереледі. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің  339-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді.

Полиция қызметкерлері тексеруден кейін арыстандарды тәркіледі.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.