Ол ешкімнен қайран болмаған соң, IBA президенті Умар Кремлевке өзі наразылығын білдірді.
«Құрметті Умар Назарұлы, сізден Иордания боксшысымен болған жекпе-жекті көруіңізді сұраймын. Дұрыс шешім шығатынына мүдделімін, өйткені жеңіс әділетсіз түрде қарсы тарапқа берілді. Өз атымнан сізге өтініш жасаймын. Құрметпен, Талғат Сырымбетов», – деп жазды ол.
Айта кетейік, ол Өзбекстан астанасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тай боксшысы Сакдой Руамтхамды жеңіп, келесі айналымға өткен болатын.
Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы