Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Арли Чонтей Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Арли Чонтей Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

55 кг дейінгі салмақта сынға түсетін отандасымыз бəсекені жақсы бастаған. Жұлқа көтеру жаттығуында 117 келі тасты еңсеріп, көш басына шықты. Алайда серпе көтеруде қарсыластарына есе жіберіп, 4-орын алды (141 кг). Қос сайыс нəтижесінде Арли 258 келімен 3-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Чонтей былтыр күзде Бахрейн астанасы Манамада өткен құрлық чемпионатында күміс медаль жеңіп алған (116+144=260 кг). Ал 2020 жылғы Ташкенттегі бəсекеде чемпион атанған.