Айбек Оралбай жасөспірімдер арасындағы Олимпиада чемпионы атанған
Айбек Оралбай әлем чемпионатында италиялық боксшыдан жеңіліп қалды
1,973
оқылды

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшысы Айбек Оралбай екінші жекпе-жегін өткізді.

1/16 финал кезеңінде 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Италия боксшысы Азиз Аббес Мухийдинмен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің нәтижесі бойынша төрешілердің шешімімен Мухийдин жеңіске жетті.

Осылайша, Айбек Оралбай турнирдің келесі кезеңіне өте алмады. Оралбай - 2022 жылғы Азия чемпионы және 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада чемпионы.