Аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов (26-2) белді промоушен One Fighting Championship Брумфилде (АҚШ, Коловадо штаты) өткізген турнирде жеңіске жетті.
Sports.kz-тің хабарлауынша, жекпе-жек жеңіл салмақта әрі үш раундқа есептелді. Төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық спортшыға берген.
Осылайша, Қайрат Ахметов кәсіби рингте 27-жеңісіне қол жеткізді. Ал Рис Макларен кәсіби ММА-да тоғызыншы рет жеңіліс тапты.
Қазақстандық файтер One FC лигасында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол кезден бері 9 айқас өткізді (сегіз – жеңіс, бір – жеңіліс).
Айта кетейік, бұл – Қайрат пен Ристің екінші кездесуі. Олар алғаш рет 2019 жылдың наурыз айында жұдырықтасып, төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жеткен еді.