2023 жылдың басында халық саны 19 766 мыңға жеткен. Оның 9 647 мыңы ер адам.
Қазақстанның қай өңірінде ер адамдар көп тұратынын білесіз бе?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ер адамдардың көп бөлігі Түркістан облысында тұрады – 1 079 мың. Ал ең азы Ұлытау облысында – 108 мың.

"0-14 жас аралығындағы ер балалар саны 3 млн болса, 15-62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 876 мың, ал 63 жастан жоғары зейнеткер саны – 767 мың" деген статистика бюросы. 

Ерлердің көпшілігі, яғни 16,8 пайыз өнеркәсіп саласында қызмет етеді. Ал көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласында 14 пайыз, тағы 14 пайыз ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбек етеді.

"Ерлердің өмір сүру ұзақтығы – 70,2 жыл. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрған ерлердің орташа жасы – 28 жас", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 7 мамырда Қазақстанда Отан қорғаушылар күні атап өтіледі.