Бүгін, 8 мамырда қазақстандық құрамада үш боксшы рингке шығады.
Бокстан әлем чемпионаты: бүгін ел құрамасынан 3 боксшы рингке шығады
3,412
оқылды

Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін, 8 мамырда қазақстандық құрамада үш боксшы рингке шығады.

Астана уақытымен сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда А рингінде Махмуд Сабырхан (54 келі) алғашқы болып венгриялық Иштван Сакоймен кездеседі.

19:00-де болатын кешкі сессияда Б рингінде екінші жекпе-жекте Санжар Ташкенбай (48 келі) өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен кездессе, А рингінде оныншы жұпта Сағындық Тоғамбай (86 келі) тағы бір өзбекстандық Шохжахон Абдуллаевпен шаршы алаңға шығады.

Бүгінге дейін ел құрамасынан төрт боксшы жарыс жолынан шығып қалды. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов (51 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) бар.