Осыған дейін қарсыластар бір-ақ рет кездескен.
Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатында өзбек боксшысын нокдаунмен жеңді
7,078
оқылды

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақ боксшысы Санжар Ташкенбай өзбек боксшысы Шодиержон Меликузиевпен кездесті.

Осыған дейін қарсыластар бір-ақ рет кездесіп, 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатының финалында Санжар басым түскен еді.

Бұл жолы бірінші раундта төрешілердің үшеуі қазақстандық боксшыны басым деп тапты. Екінші кезең соңында Санжар қарсыласын нокдаунға жіберді. Жекпе-жек қорытындысында төрешілер жеңісті қазақ боксшысына берді – 4:1.

Осылайша, Санжар Ташкенбай турнирдің ширек финалына шықса, Шодиержон Меликузиев әлем чемпионатындағы өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.