Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов ширек финалға шықты.
Бокстан әлем чемпионаты: Асланбек Шымбергенов ширек финалға шықты
25
2,447
оқылды

Ташкентте өтіп жатқан бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов ширек финалға шықты.

Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Израиль өкілі Мирославом Капулер-Ищенкомен бақ сынасты.

Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында басымдылығын айқын көрсетті. Үшінші раундта нокдаун да тіркелді. Төрешілер есебі – 5:0.

А.Шымбергенов жартылай финалға шығу үшін франциялық Макан Траеоремен таласады. Ол күтпеген жерден төрешілердің бірауыздан шешімімен әлем чемпионы, жапониялық Севон Окадзаваны жеңіп кетті.

Сонымен қатар бүгін Қазақстаннан Нұрбек Оралбай (80 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі) және Дулат Бекбауов (67 келі) рингке шығады.