2019 жылы әлем чемпионатында Қамшыбек финалда аталған қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтқан еді.
Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды
1,655
оқылды

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті.

92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 1/4 финалда Қоңқабаев ауыр салмақтағы өзбекстандық Баходир Жалоловпен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіліп қалды, ол үшінші раундта екі ескерту алды.

2019 жылы әлем чемпионатында Қамшыбек финалда аталған қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтқан еді. Ал 2020 жылғы Токио Олимпиадасында Баходир – алтын, Қамшыбек қола медаль алды.