Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаевты жеңгеніне қатысты ойын айтты.
"Мені қолдап жатқандардың барлығына алғыс білдіремін. Жекпе-жек алдында қатты толқыдым. Құдайға шүкір, жеңдім. Алда әлі алтын үшін тағы екі айқас бар. Үмітті ақтауға тырысамын. Қамшыбек Қонқабаевпен доспыз. Ол мені Қазақстанға шақырып, өзі де Өзбекстанға келген. Бұл – спорт. Кім мықты сол жеңеді. Арамызда жеккөрушілік жоқ. Ол өз елінің намысын, мен өз елімнің намысын қорғаймын", – деп береді Баходирдің сөзін sports.uz.
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!