Қарағанды вокзалының төбесі құлады
Қарағанды вокзалының төбесі құлады
© Сурет ғаламтордан
5,191
оқылды
Қарағандыда жаңарту-жаңғырту жұмыстары жүріп жатқан темір жол вокзалының төбесіндегі жабын құлап түсті. Абырой болғанда, оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Вокзал бастығы Бақдәулет Жаңабаев осы оқиғаға қатысты: «Жұмыс әлі жүріп жатқандықтан, мердігерлер тарапынан қандай да бір кемшілік кетті деп айтуға әзірге ерте», деген түсінік берді.

Еске салсақ, Қарағандының темір жол вокзалына екі жылдан бері ауқымды жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл шаруа 2019 жылдың жазында аяқталады деп жоспарланғанымен, құрылысшылар кестенің мерзімінен қалып келеді. Дегенмен, олар құрылыс жұмыстарын биылғы көктемде толығымен бітіреміз деп отыр.

Жобаның жалпы құны 2 млрд теңгенің шамасында.