Ол жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянмен шаршы алаңға шығып, қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.
Бокстан әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай финалға шықты - видео
1,986
оқылды

Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың 48 келі салмақтағы өкілі Санжар Тәшкенбай финалға шықты.

Ол жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянмен шаршы алаңға шығып, қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.

Ширек финалда Санжар Тәшкенбай жапониялық Казумо Аратакені жеңген еді.