Қытайлық боксшы төрешілердің басым даусымен жеңіске жетті
Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатхан финалға шықты

Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатхан финалға шықты.

Тоқтарбек Таңатхан 80 келіге дейінгі салмақта испаниялық, түбі ресейлік Газимагомед Джалидовке қарсы келді.

Тартысты өткен бәсекеде қытайлық боксшы төрешілердің басым даусымен жеңіске жетті.