«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде жетілдіру. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек» деген болатын. Президентіміз бен Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында аймағымызда ауқымды жобалар жүзеге асуда. Былтыр 14 газдандыру жобасын жүзеге асыруға 8,7 млрд теңге бөлініп, игерілді. Нәтижесінде, 6 ауылды газға қостық. Осылайша, өңірдің газдандыру деңгейі 70 пайызға жетті. Бұл – 26 елді мекен, 583 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылды деген сөз. Биылға республикалық бюджеттен 7,4 млрд теңге бөлініп, 2022 жылы басталған 7 жоба жалғасты және 12 жаңа жобаның құрылысы басталады», – деді аймақ басшысы.
Ақсуат ауылдық округін газдандыру жұмыстары «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген болатын. Бүгін міне, бірлескен жұмыстар нәтижесінде ел игілігіне беріліп отыр. Елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету партияның алдағы 5 жылға жоспарланған сайлауалды бағдарламасы аясында жалғасын табатын болады.
Нұрлан ҚОСАЙ