Statista ұйымының мәліметінше, 2027 жылға қарай әлемдегі әлеуметтік желі қолданушыларының саны 5,85 млрд адамға жетуі мүмкін.
Қазіргі күні Facebook – қолданушыларының саны жөнінен ең үлкен әлеуметтік желі. Оны 2,958 млрд адам қолданады. Одан кейінгі орындарда – Youtube (2,5 млрд адам) пен Whatsapp (2 млрд адам).
Әлемдегі барлық әлеуметтік желі қолданушыларының ең көбі, яғни 26 пайызы Шығыс Азиядан екен. Ал юзер саны жөнінен бірінші орында – Қытай (1 млрд 2 млн адам), екінші орында – Үндістан (755 млн адам), үшінші орында АҚШ (302 млн адам) келеді.
Орташа есеппен адамдар күніне 2 сағат 35 минутын әлеуметтік желіде өткізеді.
Әлеуметтік желілердің ішінде ең қарқынды дамып келе жатқаны – TikTok, соңғы екі жылда АҚШ-та оның қолданушыларының саны 2 еседен астам – 105 пайызға өскен.
Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ