Тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді
Тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді
© Сурет ғаламтордан
209
оқылды
Қазақстан территориясының басым бөлігі жоғары қысым аумағында болады. Осыған  байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстікте қар, орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте жаяу бұрқасынмен күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жамбыл, күндіз Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді. Түркістан, Атырау, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.