Оралбай 2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған.
Төртінші алтын: Нұрбек Оралбай қытайлық қазақ Тоқтарбек Таңатханды жеңді
2,378
оқылды

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында ерекше финал өтті. 

80 келіге дейінгі салмақтағы шешуші белдесуде Нұрбек Оралбай мен қытайлық қазақ Тоқтарбек Таңатхан алтынды сарапқа салды. Бұл белдесуде жеңіс Нұрбек Оралбайға бұйырды.

Осылайша, Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының «алтынын» жеңіп алса, Тоқтарбек Таңатхан турнирдегі өнерін күміс жүлдегер мәртебесімен аяқтады. Оралбай 2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған.