B-FEST таланттар фестивалі мәресіне жетті. Сайысқа бес бағыт бойынша BINOM мектеп­терінен 15 мыңға жуық оқу­шы қа­тысып, бақ сынады. Үздік атанған­дар диплом және баға­лы сыйлықтармен марапат­талды.
Таланттарды танытты
1,088
оқылды

Ауыспалы кубокті Қаныш Сәт­баев атындағы BINOM SCHOOL мек­теп-лицейі иеленді. Іс-шара аясында көрме ұйымдастырылып, оқу­шылардың қолынан әзірленген туындылар сатылымға қойылды. Одан түскен табыс көмекке мұқтаж жанның еміне жұмсалмақ. Айта кетейік, мұндай фестиваль елімізде бірінші рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.

«Жоғарғы буын санаты бойынша бағымды сынадым. Оған 12 қатысу-шы қатысты. 6 үздік оқушы номи­нация иегері атанды. Мен «Әлемді жарқырат» ди­зайн жобасының жеңім­­пазы атан­дым», – деді қатысу­шы Мейірлан Төлеуіш.

Айта кету керек, фестиваль бес бағыт бойынша өтті. B-DREAM PROJECT шеңберінде ғылыми-прак­тикалық көрмелер ұйымдас­тырылып, жоба аясында мектеп оқу­шылары жаратылыстану ғылым­дары, IT сала­сы, экономика­ және басқа да сала­лар­мен бай­ланысты ғылыми жобалар қорғалды. B-ART аясында үздік мюзиклдер қойылып, бейнелеу өне­рін­дегі ең мықтылар анықталды. B-SPORT бағытында тоғызқұмалақ, футбол, баскетбол, волейбол жарыс­тарынан мықтылар алға суырылып шықты. B-Social аясында оқушылар бейне­роликтер арқылы өз мектеп­тері­нің әлеуметтік жобалары мен еріктілер қозғалысын таныстырды. B-Bookman жылдам оқу, функцио­нал­ды оқу, шешендік өнер және актерлік өнерді қамтыды.