19 мамырда «Алматы Аренада» қазақстандық және ресейлік сегізбұрыштың супер жұлдыздары кездеседі.
Жұма күні Алматыда ММА бойынша бірінші HFC турнирі өтеді
4
6,636
оқылды

Кештің басты жекпе-жегі «Қазақ терминаторы» лақап атымен танымал Мұратбек Қасымбай мен жеңіліп көрмеген Аловсет Мәмиев арасындағы тартыс болмақ.

«Алматы Аренада» Қазақстанда алғаш рет ММА Хардкор лигасының аралас жекпе-жек кеші аясында дүбірі құлақ тұндыратын спорттық шара өтеді. Көрермендер сегізбұрыштың ең мықты жұлдыздарының жекпе-жегін күтеді. Олардың арасында төбелестің қазақстандық дүлдүлдері де бар.

Кәсіпқой ММА-дағы өз мықтыларымыздың бірі Қуат «Найман» Хамитов Зелімхан Юсуповпен жұдырықтасады. Тәжірибелі спортшы Жұман Жұмабеков Азизхан Чоршанбиевтің күшін байқап көрмек. Сол сияқты  кім ержүрек екенін Бағдат Дүйсембаев пен Игорь Барабанов анықтайды.

Бүкіл посткеңестік елдердің қолдауына ие болған Мұратбек Қасымбай құбыжық Аловсет Мәмиевке қарсы кескілескен «шайқас» өткізу үшін торға оралады.

Ұйымдастырушылар Алматыда бұрын-соңды болмаған керемет шоу болады деп уәде беріп отыр.

Билет құны 3 600 теңгеден басталады, оларды zakazbiletov.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады.