Салтанатты шара барысында жамбылдық жанкүйерлер, жас спортшылар жеңімпаз спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қошеметпен қарсы алып, құрмет көрсетті.
Әлем чемпиондары Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовқа пәтер кілті табысталды
1,620
оқылды
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов 2023 жылғы 1-14 мамыр аралығында бокстан ерлер арасында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатының чемпионы Асланбек Шымбергенов пен күміс жүлдегері Дулат Бекбауовты марапаттау салтанатына қатысты.

Әлем чемпионатына Қазақстан құрама командасынан 13 спортшы қатысса, оның екеуі жамбылдық: 67 келі салмақ дәрежесінде Дулат Бекбауов және 71 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрама командасының капитаны Асланбек Шымбергенов.

Салтанатты шара барысында жамбылдық жанкүйерлер, жас спортшылар жеңімпаз спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қошеметпен қарсы алып, құрмет көрсетті.

Аймақ басшысы Асланбектің алтын, Дулаттың күміс медалі – алдағы Париж Олимпиадасының алтын медаліне ұласуына ниеттестігін білдірді.

Облыс әкімі спортшыларды марапаттап, сый-сияпаттарын табыстады.

Атап айтсақ, Әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновке 3 бөлмелі пәтердің кілті, оның жеке бапкері Ермек Ертаевқа 5 000 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Ал, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовқа 2 бөлмелі пәтердің кілті, оның жеке бапкері Нұрлан Ақүрпековке 3 000 000 теңгенің сертификаты табысталды.