Онда абаттандыру, жолдарды асфальттау, балаларға арналған ойын алаңдарын орнату, жарықтандыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша әлеуметтік, білім беру нысандарының құрылыс қарқыны жөнінде құзіретті мемлекеттік органдардың баяндамалары тыңдалды.
«Республикалық сайлауалды штабтың тапсырмасына қатысты 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымы кезеңінде қосымша электр және су жылытқыштарын пайдалануға байланысты электр энергиясы үшін шығынды өтеу мәселесі бойынша «Павлодарэнерго» АҚ-на депутаттық сұрау жіберілді. Аталмыш мекеменің бас директорының жауабына сәйкес, 2022 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы наурызға дейін тұрғындарға есептеуді 70 пайызға төмендету жолымен ай сайын жылу энергиясы бойынша қайта есептеу жүргізілді. Бұл мәселе депутаттық фракцияның жіті бақылауында», – деді қалалық депуттаттық фракцияның жетекшісі Мариям Маликова.
Сонымен қатар медициналық мекемелер ғимаратының құрылыс қарқыны да сөз болды. Облыста 2023-2024 жылдарға 7 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Облыс әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы Ә.Марғұлан атындағы ауылдық округте медициналық пункт құрылысы үшін «ГрадСтройСервис» ЖШС-мен шарт жасалғанын хабарлады. Олар құрылысты жыл соңына дейін аяқтауға міндетті. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасы бойынша Құрылысшы және Бәйет ауылдарында медициналық нысандардың құрылысы жоспарланған.
Асыл ТҰМАР