Алайда «AMANAT» партиясы өкілдері мердігер ұйымның белгіленген мерзімде құрылысты бітіре алмауы мүмкін деп қауіптенеді.
Мониторингтік топ орындаған жұмыстарды қарау кезінде белгілі бір кемшіліктерді анықтады.
«Мониторингке барған кезде 15 адам жұмысқа кірісті, дегенмен талаптарға сәйкес нысанда 44 адам болуы керек. Бұл мәселені партиялықтар мердігер ұйым өкілдерімен әңгімелесу барысында бірнеше рет көтерді. Сонымен қатар құрылыс материалдарын уақытылы жеткізу мәселесі де бар. Мұның бәрі объектіні пайдалануға беру мерзіміне және орындалатын жұмыстардың сапасына айтарлықтай әсер етеді», – деді партияның мониторингтік тобының мүшесі Александр Зель.
Айта кетейік, былтырғы желтоқсан айынан бастап бұл нысанда партиялық бақылау бекеті жұмыс істейді.
Асыл ТҰМАР