Қызылордада жалған жеке куәлік арқылы несие алып, алаяқтық жасаған адам сотталды, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Алаяқ жалған куәлікті Алматы қаласында жасатқан. Басқа азаматтың атына рәсімделген куәлік үшін ол 20 мың теңге берген.
Бұдан кейін Қызылорда қаласына келген. Банктердің бірінің жергілікті филиалынан жалған несие жасауға ниеттенеді.
Осылайша банк қызметкерін алдап, несие алған.
Жалпы, көлемі 4 млн 874 мың теңгені құрады. Алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған. «Нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша банк филиалына 4 елеулі көлемде мүліктік зиян келген. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылды. Оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп мәлім етті Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.