Билетті zakazbiletov.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады.
Hardcore FC Алматының Арбатына барады
2,359
оқылды

Бейсенбі күні сағат 15.00-де Жібек жолы даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысында жылдың басты ММА жарысына қатысушылар көз арбасып, салмақ өлшеу рәсімінен өтеді.

Hardcore FC MMA жекпе-жегіне дейін санаулы сағаттар қалды. Турнирге қатысушылар Алматыда, осы бейсенбіде олар халықтың алдына шығады.

Сағат 15.00-де Арбатта (Жібек жолы даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысы) спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, барлық маңызды ММА жарыстарының алдындағы дәстүрлі шараны орындайды.

 

Стурдаун немесе көз арбасу – сегізбұрышты алаңға шығар алдында спортшылардың қарсылас мысын басып тастауға тырысатын эмоционалды рәсім.

Сондай-ақ Hardcore FC промоушнының жұлдыздарымен және басқа да танымал мықтылармен кездесу ұйымдастырылады. Бұл қатарда Самат Абдрахманов, Лендруш Акопян, Артём Тарасов, Тимур Никулин, Влад Белаз, Амхад Нохчо, Гаджи Автомат, Тагир Хибиев және т.б. бар.

Еске салайық, қазақстандық және ресейлік сегізбұрыштың супержұлдыздарының қатысуымен HFC MMA бірінші стадиондық турнирі жұма күні сағат 19.00-де «Алматы Аренада» өтеді.

Билеттер құны 3 600 теңгеден басталады. Билетті zakazbiletov.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады.