54 келіге дейінгі салмақта үш раунд қорытындысы бойынша, төрешілердің бірауыздан шешімімен Балауса жеңіске жетті.
Ең сұлу боксшы қыздар жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды
1,286
оқылды

Бокстан Петропавл қаласында өтіп жатқан спартакиадада кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман жұдырықтасты. 54 келіге дейінгі салмақта үш раунд қорытындысы бойынша, төрешілердің бірауыздан шешімімен Балауса жеңіске жетті,  деп хабарлады Massaget.kz.

Бірінші раундта Мұздиман – 4:1, екінші раундта – 3:2, үшінші раундта тағы 4:1 нәтижесімен жеңіп шықты. Осылайша, 5:0 есебімен басым болды. Ал Ангелина Лукас жекпе-жек соңынан төрешілер шешіміне наразы екенін жазып, өкінішін білдірді.

Жекпе-жектің 1-раунды. Әр раундты осылай саламын. Қараңыздаршы, менің жеңісімді қалай жоқ қылғанын, тіпті жартылай финалға шығуға да мүмкіндік бермеді! Бұл салмақта Олимпиада жүлдесі жайлы айтудың өзі артық,  деп жазды Лукас Instagram парақшасында.

Екі боксшы да кәсіпқой бокста бақ сынап көрген. Ангелина мамыр айында Ыстанбұлда мексикалық Анна Аррасоланы жеңіп, WBC International белбеуін иеленді.

Ал Балауса Мұздиман 20 мамыр күні кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуін өткізбек болған. Алайда осы спартакиада үшін ол жекпе-жегінен бас тартып, бала арманы Олимпиада жолында тер төккісі келетінін айтқан еді.

Екеуі де ұлттық құрама сапына ілігіп, Олимпиада ойындарында бақ сынағысы келеді. 

Балауса мен Ангелина бокстағы жанкүйерлер мен басылымдар ақпараты бойынша хас сұлулар саналады. Спартакиададағы бұл сұлулардың жекпе-жегі осындай нәтижемен аяқталды.