1992, 1997 және 1996 жылғы күдіктілер тобы анықталды.
Алматы облысында 4 миллион теңгенің алтынын ұрлады деген күдікпен үш адам ұсталды
817
оқылды
Алматы облысының полицейлері ірі ұрлықтың бетін ашты.

7 сәуір Қонаев ҚПБ-ға Шеңгелді ауылының 55 жастағы тұрғыны үйден алтын бұйымдарын ұрлаған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау туралы жазбаша арызданды. Тергеу-жедел тобы күдіктілердің үйге пластикалық терезе арқылы кіріп, жалпы сомасы 4 млн 170 мың теңге көлемінде ұрлық жасағанын анықтады Polisia.kz-ның Telegram арнасында.

Дерек облыс орталығының полициясында ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 3- тармағы бойынша тіркелді.

1992, 1997 және 1996 жылғы күдіктілер тобы анықталды. Қазір олардың барлығы қамауға алынды.

Күдіктілер Қонаев қаласының аумағында төрт ұрлық дерегін жасағанын және көршілес өңірдегі үш эпизодты мойындап отыр. Тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.