«Үш жасар баламды өлтіргенде оның өмір сүргісі келетінін ойлаған жоқ» – Қарағандыдағы сотталушының жазасы
«Үш жасар баламды өлтіргенде оның өмір сүргісі келетінін ойлаған жоқ» – Қарағандыдағы сотталушының жазасы
Фото: Қарағанды облысы ПД
310
оқылды
Қарағанды облысында 3 жасар баласын өлтірді деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған 32 жастағы Игентай Сопыжанов соттан жазаны жеңілдетуді сұрады, – деп хабарлайды Қарағанды облыстық Полиция департаменті. Департаменттің дерегінше, сотталушы кінәсін мойындап отыр. Бірақ, оның айтуынша, сот үкімі әділетсіз. Сопыжанов апелляциялық шағымында жазаны жеңілдетуді сұрайды. Ал өлтірілген баланың анасы оның бұл шағымымен келіспейді. «Баламды ұрып-соққан кезде оның әлі де өмір сүргісі келетінін ойлаған жоқ. Ол – ұяты жоқ, қатыгез», – деді қайтыс болған баланың анасы Ника Васильева. Сотталушының апелляциялық шағымын Қарағанды облыстық соты қарайды. Айта кетейік, 5 қыркүйекте Қарағанды облысында 3 жасар баланың мәйіті табылған еді. Тергеу нәтижесінде, оның қатігездіктен ажал құшқаны анықталды.