«Аралтұз» – еліміздегі тұз қазу және оны өндіру ісімен ай­­­­налысатын бірегей кәсіпорын. Еліміз ғана емес, алыс-жақын шетелдерді де ас тұзымен қамтамасыз етіп отырған бұл өндіріс орнының аудан бюджетіне қыруар қаржы құяды. Алайда соңғы жылдары халық жұмысы тұралаған кәсіпорын­ның келешегіне алаңдаулы.
«Аралтұздың» тоз-тозы шықты ма?
3,293
оқылды

«Аралтұз» АҚ-да 2001-2003 жылдары та­рихында тұңғыш рет қайта құру жұ­мыс­тары атқарылып, өндіріске тұзды екінші байыту технологиясы енгізілген. Осы ар­қы­лы тұзды йодтау, жуу, кептіру жұмыс­та­рын жаңа технология арқылы жүргізу жол­ға қойылды. Кәсіпорынға таяқ тастам жер­дегі Жақсықылыш кенті Арал ау­да­нын­дағы қала типтес ірі елді мекен. Жақ­сы­қылыштықтардың көбі тұз өндіру кә­сіп­орнында еңбек етіп, нәпақасын тауып жүр. 

Негізінен, кенттің инженерлік, әлеу­мет­тік инфрақұрылымын жетілдіруге «Арал­тұз» акционерлік қоғамы мұрындық бо­лып жүр. Дейтұрғанмен, соңғы жыл­дары іргелі өндіріс орнының жағдайы на­шарлай түскен. 

– «Аралтұз» акционерлік қоғамы – рес­публикадағы өзіндік орны бар өндіріс ошағы. Өңірдің өркендеуіне де ықпалы зор екенін жоққа шығармаймыз. Алайда соң­ғы кездері кәсіпорындағы кейбір ке­лең­сіздіктер жүйелі жұмыс жүргізуге кері әсе­рін тигізеді. Нақты айтқанда, бұған дейін екі ауысым бойынша еңбек етіп жүр­ген жұмысшылардың санитарлық-ги­гиеналық жағдайы сын көтермейді. Соның ішінде ас ішуге арнайы жабдықтал­ған бөлменің болмауы, Испан цехы деп аталатын цехтарда тұз шаңының өте көп мөл­шерде болуы, технологиялық циклдің бұ­зылуы, өндірісте жұмысшы саны жетіс­пе­се де, жұмыссыз жүргендерді келісім­шарт­пен жұмысқа алу әдісіне көшуі көп­тің наразылығын туғызды. Бұл аз бол­ған­дай, енді соңғы 2-3 жылдан бері тұз қазу­­дың технологиялық әдісі бұзылып ке­леді. Нақты айтқанда, тұзды экска­ва­тор­мен қаза бастады, – деп мұңын жет­кіз­ді Жомарт Қартбаев.

Оның айтуынша, кенді экскаватормен қазу тұз қабатын әбден бүлдіріп, келе­шек­те тұздың пісіп, жетілуіне жол бермейді. Сон­дықтан тұзды қазып алудың бұл әдісі ора­сан экологиялық зиян келтіреді. Өн­діріс­те еңбек қауіпсіздігіне де баса мән бе­ріл­мейтін көрінеді. 

«Күні кешеге дейін осы кен орнында ар­найы тұз қазу комбайны болатын. Соң­ғы үш жылдың көлемінде тұзды экска­ва­тор­мен қазу әдетке айналды. Бұл жайында өт­кен жылдан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, облыс әкіміне, бас­қа да құзырлы мекемелерге хат жол­даған болатынмын. 

Кент тұрғындарының негізгі табысы осы кен орнымен тығыз байланысты. Өн­ді­ріс орнының жұмысы тұраласа, халық ыр­зық-несібесінен айырылғалы тұр. Қа­зір экскаватор тұз көлінің төменгі қаба­тын­дағы астраханит элементіне дейін ар­шып алып жатыр. Бұл келешекте кен қо­рын мүлдем жойып жіберуі мүмкін. Сон­дай-ақ кенді бұлай қазу тұздың сапа­сы­на да кері әсер ететіні дәлелденген. Бұ­ған дейін арнайы комбайнмен белгілі мөл­шерде қазуға рұқсат етілетін. Бүгінде экс­каватормен қазу арқылы белгіленген ере­желер сақталмай тұр деп ойлаймын. Со­ған орай болашағымызды да ойлап, құ­зырлы орындар тарапынан кен орнында орын алып отырған келеңсіздікке тос­қауыл қойылса деген талабымыз бар», – деп кент тұрғыны Сағыныш Ниязов мұңын шақты.

Кент тұрғынының сөзіне сүйенсек, был­тыр шағымы негізінде арнайы ко­мис­сия құрылып, мамандар өндіріс орнында тек­серіс жүргізген көрінеді. Оған Украи­на­дағы ғылыми орталық, жобалау орын­да­рының мамандары арнайы келген. Соның нәтижесінде экскаватормен қазу бойын­ша ешқандай заңбұзушылық анық­талмаған. Алайда бұл жауапқа қана­ғат­тан­баған тұрғындар әлі де ақ-қарасы анық­тал­са деген уәжін білдірді. Негізінен, тұз 20-30 жылда қар мен жаңбыр суынан, күн­нің қызуымен пісіп, жетіледі. Яғни, осы уақыт аралығында кристалдану про­це­сі жүргізіледі. Экскаватормен қазу кен қо­рының түгесілуіне бірден-бір себеп бо­­­лады деп топшылайды. 

Жалпы, мұндай технология түрі Кеңес Ода­ғы кезінде ашық көлде жұмыс істеген он-он беске жуық тұз мекемелерінің бір­де-біреуінде қолданылмаған. Яғни, бұл ұйым­дар экскаватормен қазуды құп­та­ма­­ған. Кент тұрғыны осылай деп пікірін біл­­дірді.

Осындай келеңсіздіктерді алға тартқан тұр­ғындар былтыр арнайы ко­мис­сия­ның шешіміне көңілі толмайтынын, қай­та зерделеу жұмыстарын жүргізген де­ген талап-тілегін жеткізді. 

«Өткен жолы Арал қаласында өткен эко­номикалық форумда осы мәселені кө­терген болатынмын. Бірер жылдан бері бұл өндіріс орны жекенің қолына берілгені ай­тылып жүр. Содан комбинаттың жағ­дайы нашарлай түскен. Халық ереуілге де шық­ты. Сол уақытта оқиға орнына өзім де екі мәрте бардым. Халықпен сөйлесіп, жағ­дайларымен таныстым. Сол кездері кентте Арал ауданы әкімінің орын­ба­сарымен жүздесіп, кәсіпорынның қазіргі күйін, жұмысшылардың жағдайын жет­кіз­дім. Соның ішінде жұмысшылардың та­мақтанатын және суға шомылатын орын­дарының да жоқтығын мәселемізге ар­қау еттік. Тұзды қазып алу талаптары да сақ­талмай отырғаны айтылды. Алайда бая­ғы жартас, сол жартас», – дейді Арал қа­ласының тұрғыны Тортай Бейісов.

Екі жыл бұрын өндіріс орнының жұ­мысшылары ереуілге шығып, кәсіпорын басшылығынан айлықтарын өсіруді талап еткен болатын. Соның негізінде еңбека­қыға 22 пайызға өскен екен. 

Кәсіпорын басшылары кемшіліктер рет-ретімен шешімін табатынын, тиісті жұ­мыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

«Негізінен, кен орнын экскаватормен қазу жұмыстары жүргізіліп жатқаны жа­сырын емес. Алайда бұл тұрғыда еш­қандай заңбұзушылық жоқ. Бәрі де заңды түрде құзырлы орындардың рұқсаты не­гізін­де жүзеге асып жатыр. Ал жұ­мыс­шы­­­­лардың санитарлық-гигиеналық ахуалына келер болсақ, қиындықтар рет-ретімен ше­шіліп жатыр. Тамақтанатын, жуынатын орын­дары қамтылған. Кәсіпорынның ар­найы моншасы жұмыс жасап тұр. Ал­дағы уақытта қосымша төрт контейнер ал­ғызып, жұмысшылардың жуынуына мей­лінше жағдай жасалатын болады. Мұндай кемшіліктерді рет-ретімен шешеміз. Ал өндіріс орнының жұмыс істеу барысына тоқталар болсам, нақты уа­қытта жұмысшылар ақылы еңбек де­малысында. Жұмыс уақытша тоқтап тұр. Бүгінде кәсіпорында тек бір цех қана жұмыс істеп тұр. Оған себеп, өндірілген өнім­­нің өз мөлшерінде сатылмай тұ­руын­да болып тұр. Бұл жылда орын алатын қалыпты жағдай. Алдағы күндері жұмыс қайтадан толыққанды жүргізіледі», – деп тү­сіндірді бұл жайында «Аралтұз» АҚ директоры Алмат Бөлегенов.

Осылайша, кәсіпорын басшылығы кө­терілген мәселелердің толықтай шеші­мін тауып, жүйелі жұмыс жүргізетініне сен­діріп отыр. Ал жергілікті тұрғындар ір­гелі өндіріс орнын мемлекет меншігіне қай­тарса, елдің берекесі қайта кірер еді д­е­генді алға тартады. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы