«Бес ауылдың жерін кепілге қойып, несие алған» – айыртаулықтар жердің сатылғанынан хабарсыз (видео)
«Бес ауылдың жерін кепілге қойып, несие алған» – айыртаулықтар жердің сатылғанынан хабарсыз (видео)
Фото: Галина Потибенко
254
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты 5 ауылдың тұрғындары алаяққа алданып қалған, – деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. «Жарқын СК» деп аталатын фирма жұрттың жерін кепілге қойып, несиеге қыруар қаржы алған. Уақытында қарызын өтей алмай, Арграрлық несие корпорациясы кепілдіктегі жерді аукционға шығарыпты. Бірақ бұдан жергілікті халық хабарсыз. Айыртаудың халқы онсыз да су, жол, интернет байланысы тым нашар. «Жерден айырылғасын не боламыз?, Ел не болады, халық не болады? Оны кім қойғанын, қалай қойғанын, біздің бір адам білмейді. Өздері Дубайға, курортқа барып келеді» деген Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ағайынның жанайқайын жергілікті әкімдік шешпеген. Дәуқара, Қарақамыс, Светлый, Егінді ағаш, Бірлестік деген елді мекендердің жерін «Жарқын-СК» серіктестігі жалға алып, кепілге қойған.   https://www.youtube.com/watch?v=wxRQpRdFKZg#action=share Жақсылық Шаяхметов, Бірлестік ауылының тұрғыны: «Оны кім қойғанын, қалай қойғанын, біздің бір адам білмейді. Өздері Дубайға, курортқа барып, келеді. Астында бәлен машина. Біздің жердің арқасында екен. Әбден болары болып, бояуы сіңген кезде сендердің жерлерің аукционда тұр деп, содан у шу, даңғаза боп жүрміз», – дейді. Осы жағдайға байланысты Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Едрес Жанапин: «Соның бәрі тексеру кезінде анықталып жатыр. Кісілер қолдарын қоймаған. Бұрынғы директор қол қоймаған. Қазір соның бәрін көтерді, ашып жатыр», – дейді. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Алайда тұрғындар алдағы егін науқанына алаңдаулы. Кезінде Көкшетауға қарап тұрған шақ жақсы еді деп еске алады жұрт. Солтүстік Қазақстанға қосылғалы Айыртаудағы ауылдардан ажар кеткен.