Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төра­ғалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар осы аптада болатын іс-шара­ларды талқылап, 1 маусымда өтетін Сенат оты­рысының күн тәртібін бекітті.
Күн тәртібі бекіді
698
оқылды

Кеше Сенатта «Қазақстанның инвестициялық ахуалы және инвестициялық тар­тым­дылығы» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті. Іс-шара барысында сенаторлар Ұлттық эко­номика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің, жергілікті атқару­шы органдардың және квазимемлекеттік сектордың өкілдерімен бірге еліміздің инвестициялық саясатына қатысты маңызды мәселелерді талқы­лай­ды.

Сонымен қатар Бюро мүшелері Палатаның алдағы отырысының күн тәртібін бекітті. Соған сәй­кес бейсенбі күні депутаттар «2010 жылғы 18 маусым­дағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама­ны рати­фикациялау туралы» заңды қарайды. Бұл құжат Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт­қа негізге алып және ЕАЭО Кеден кодексі туралы шарттың ережелерін назарда ұстай отырып, Келісім­нің бірқатар бабына редак­циялық және құқықтық сипаттағы өзгерістер енгізуді көздейді.

Сондай-ақ Палатаның отырысында «1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақ­стан Республикасы мен Қа­сиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы ке­лі­сімге Қосым­ша келісімді ратификациялау туралы» заң қара­лады. Атал­ған заң мәдениетаралық және конфессия­аралық келісімді нығайтуға арнал­ған. Келісімді рати­фикациялау арқылы Қазақстан Республикасы мен Қа­сиет­ті Тақ арасындағы дип­ломатиялық қатынастар кеңейе түседі деп күтіліп отыр.

Одан бөлек, Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты коми­теттеріне бөлініп берілді.