Olimpbet – Қазақстандағы спортты дамытуға үлес қосып отырған ең ірі букмекер.
«УЕФА талаптарына сай келеді»: Olimpbet Ақтөбе Орталық стадионын жөндеуге қаржы бөлді
771
оқылды

30 мамыр күні көгалы ауыстырылған Ақтөбе қалалық Орталық стадионының таныстырылымы өтті. Жасыл алаңдағы көгалды ауыстыруды Қазақстандағы №1 букмекерлік компания – Olimpbet қаржыландырды. Жөндеуден өткен жаңа стадионда спортшыларға құбылмалы ауа райында да жылдың төрт мезгілінде жарыс өткізуге мүмкіндік бар.

«Бұл – қала мен біздің жанкүйерлеріміз үшін бағалы сыйлық. Бұрынғы тозығы жеткен стадион Еуропа кубогына қатысуға УЕФА талаптарына сәйкес келмейтін. Olimpbet компаниясының қаржылай қолдауымен жаңартылған стадионның көгалын сапасы жағынан еліміздегі ең таңдаулысы деп айта аламын», – деді «Ақтөбе» ФК-ның басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев. 

«Ақтөбе» ФК мен Olimpbet арасында ұзақмерзімді ынтымақтастық келісім бар. Бұған дейін букмекерлік кеңсе мен клуб арасында үшжылдық келісімшартқа қол қойылды.

 Осы уақыт ішінде команданың спорттағы нәтижелерін жаңа деңгейге көтеру, ойынның көрсеткіштерін жақсарту, бірлесіп киім-кешек пен кәдесыйлар шығару жоспарымызда бар. 

Қазақстандағы көшбасшы букмекерлік кеңсенің баспасөз қызметі хабарлағандай, еліміздегі ең үздік, таңдаулы футбол клубымен ынтымақтастықтың мақсаты – Қазақстандағы спортты қолдап, дамытуға атсалысу.

«Ақтөбенің орталық алаңын бастан-аяқ жөндеу УЕФА стандарттарына сәйкес келетін деңгейге жеткізді. Бұл ынтымақтастық әріптестік деңгейіміздің жоғары екенін ғана көрсетіп қоймай, Ақтөбенің ұлттық және халықаралық футбол жарыстарын өткізу үшін еліміздегі ең үздік қала екенін көрсетеді», – деп санайды Olimpbet БК-ның Қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Андрей Жарков. 

Ойын алаңының жабынын жаңалау үшін әлемдік деңгейдегі білікті сарапшы-агроном Виктор Яроменко атсалысты. 

Ол бұған дейін 2012 жылы Еуропа чемпионатының финалында, Чемпиондар лигасы және УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңдерінің ойындарында футбол алаңдарын дайындауға қатысқан.

Ақтөбе стадионын қайта жөндеуден өткізген кезде жарықтандыру, бейнебақылау және аудио хабарландыру жүйелерін толық жаңартты. Көрермен отыратын орындықтардың бір бөлігі ауыстырылды. Ойыншылардың киім ауыстыратын бөлмелері, төрешілер бөлмесі, жуынатын бөлмелер, медициналық қызмет көрсету бөлмесі, допингті бақылау бөлмесі және басқа да қажетті бөлімдері жөнделді. 

Ақтөбенің Орталық стадионының жаңартылған ыңғайлы инфрақұрылымы ұлттық құрама ойындары мен басқа да маңызды футбол жарыстарын өткізу үшін тамаша таңдау болары анық.

3 маусымда футболдан Қазақстанда Olimpbet-чемпионаты аясында жарыс өтеді. «Ақтөбе» ФК өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды.

Анықтама 

Olimpbet – Қазақстандағы спортты дамытуға үлес қосып отырған ең ірі букмекер. Olimpbet отандық спорт федерацияларына, спортшылар мен клубтарға демеуші болып отыр. Компания ұлттық спортты дамыту мен қатар әлеуметтік қолдау білдіреді. 

«Ақтөбе» футбол командасы – Қазақстандағы бірден-бір беткеұстар футбол клубы. Еліміздің бес дүркін чемпионы. Үш дүркін Қазақстанның суперкубогы мен Қазақстан кубогының иегері. Еуропа турнирлеріне қатысқан.