Регбиден Қазақстан əәйелдер құрамасы Нидерланд астанасында өткен Amsterdam Sevens халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.
Ұлттық құрама жеңімпаз атанды

Ел құрамасы дәстүрлі бәсекеде 7 ойынның барлығында жеңіске жетті. Бұл қа­тарда Латвия құрамасы мен Нидерландтың жоғарғы дивизионындағы клубтар бар.

Айта кетсек, ел құрамасы финалда былтыр да аталған турнирде жеңімпаз атанды. Ал 2019 жылы қазақстандық «Алматы» клубы турнирдің жеңімпаз тұ­ғы­рына көтерілген.

Халықаралық турнирдің 50 жылдық тарихы бар. Жарыс Еуропадағы беделді турнирдің бірі саналады. Турнир алғаш рет 1972 жылы өтті.

Еске салсақ, бұдан бұрын регбиден Қазақстан құрамасы Азия чем­пионатының күміс жүлдегері болған еді.

Фото: Ernur.kz.