Қызылорда облысында түрлі бағыттар бойынша практикалық және қазіргі заманғы тәжірибе беру үшін үздік менторларды жинақтап, жастармен диалог алаңдарын қалыптастыру, олардың бизнес-идеяларына қолдау көрсету, жастарға бағытталған мемлекеттік қол­дау алуға кеңес беру мақсатына «Өрлеу» жобасы аясында кездесу өтті.
«Өрлеу» жобасы:  жастарға бағыт-бағдар берілді
989
оқылды

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Jastar ruhy» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен кез­десуде білім алушы студент және ауыл жастарының әлеуетін да­мытуға арналған бірнеше ба­ғыттар жайлы айтылды. Бас­қосуда «Өрлеу» жобаның облыс бойынша жас менторы Серікбай Нұрбол қатысушылармен пікір алмасып, көшбасшылық бо­йын­­ша тренингтер ұйымдас­тырды. 

«Қазіргі қоғамда бәсекеге қа­білетті жас сұранысқа ие ма­ман. Мемлекет басшысы атап өткен­дей, жастар үнемі жетіліп отыруға тиіспіз. Бір ғана маман­дықтың иесі болып қана қой­май, жан-жақты дамып білім алуға дағды­ланған жөн», – деді жас ментор Н.Серікбай.

Кездесуге қатысушы Акерке Бақыт тренинг барысында жоба жазу бойынша инсайт жинақ­тап, алдағы уақытта мемлекеттік ша­ғын гранттар байқауына қатыса­тынын жеткізді.

Нұрлан ҚОСАЙ