Елордада жұмадан жексенбіге дейін үстел теннисі фестивалі өтеді. Оған кәсіпқойлар да, қарапайым көрермендер де қатыса алады.
Ең танымал, қолжетімді әрі қызықты
1,960
оқылды

Астанада 9 маусым күні «Үстел теннисінен Olimpbet фестивалі» республикалық ашық турнирі басталады. Қатысушылар 4 санатта өнер көрсетеді: «кәсіпқойлар», «әуесқойлар», «ардагерлер», «кадеттер».

Турнирді ұйымдастырушылар тек спортшыларды ғана емес, сондай-ақ қарапайым көрермендерді де қатысуға шақырады. «Үстел теннисінен Olimpbet фестивалі» аясында жанкүйерлер үшін жүлде ұтыс ойындары қарастырылған. Яғни, жеңімпаздар мен белсенді ойыншыларға кәдесый өнімдері мен  ADD Table Tennis Center Astana  жылдық абонементтері үлестіріледі.

Өтетін уақыты: 9-11 маусым, сағат 10.00-ден.

Орыны:  ADD Table Tennis Center Astana  үстел теннисі орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 47/1.