Грузияның Батуми қала­сында шахматтан жасөспірім­дер арасында өткен әлем чем­пионатында атыраулық Зарина Нұрғалиева топ жарды.
Зарина – үш дүркін чемпион
601
оқылды

Ел намысын абыроймен қорғаған атыраулық жас шахматшы Зарина Нұрғалиева шахматтың «рапид» және «блиц» түрінен сынға түсті. Турнир қорытындысы бойынша Зарина «блицтен» алтын медаль жеңіп алып, үшінші рет әлем чемпионы атанды. Ал, шахматтың «рапид» түрінен күміс медальға ие болды.

Зарина Атырау облысының шах­маттан аға жаттықтырушысы Сабыр­бай Ғайсин мен FIDE және халық­аралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Жәнібек Амановтың шәкірті. Ол бұған дейін  2019 жылы Бе­ларусь Республикасында өткен әлем чемпионатында 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чем­пионы атанған. Ал 2021 жылы FIDE ұйымдастырған жылдам шахматтан әлем кубогінде қола жүлдеге ие бол­ды.  

Ж.ҚҰТТЫБАЙ