Еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик Ролан Гар­рос турнирінің алғашқы айна­лы­мындағы сәтсіздікке қара­мас­тан 47-орынға көтерілді.
Елулікке қайта енді
605
оқылды

Ол  осы аптада Хертогенбос (Ни­дер­ланд) жарысында өнер көрсетеді. Жаңа рейтингіде сербиялық Новак Джокович қайтадан әлемнің бірінші ракеткасы атанса, испаниялық Кар­лос Алькарас пен ресейлік Да­ниил Медведев үздік үштікте қатарында тұр. Жұптық сында Александр Недо­весов 64-тен 59-орынға шықса, Андрей Голубев 82-ден 83-ке төмен­деді. Жұптық рейтингіде америкалық Остин Крайчик көш бастаса, нидер­ландтық Уэсли Колхоф екінші, ұлы­британиялық Нил Скупски үшінші сатыда.

 Ж.ҚҰТТЫБАЙ